Коронавирусты жұқтырған тағы 4 қазақстандық анықталды
10 сәуірде сағат 22:30 жағдайында Қазақстанда тағы 4 жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді. Оның ішінде, Нұр-Сұлтанда - 2, Жамбыл облысында - 1, Атырау облысында - 1, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік комиссиясының жедел штабына сілтеме жасап.
Осылайша, елде COVID-19 жалпы 812 жағдайы расталды. Олардың ішінен:
Нұр-Сұлтанда - 228,
Алматыда - 123,
Қызылорда облысында - 105,
Ақмола облысында - 61,
Қарағанды облысында - 61,
Атырау облысында - 48,
Жамбыл облысында - 46,
Түркістан облысында - 35,
Шымкентте - 31,
ОҚО - 25,
Ақтөбе облысында - 11,
Алматы облысында - 10,
Маңғыстау облысында - 9,
Шығыс Қазақстан облысында - 6,
БҚО-да - 6,
Павлодар облысында - 4,
Қостанай облысында - 3.
Республика бойынша 10 адам коронавирустан көз жұмды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты