Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 304-ке жетті

Аса қауіпті коронавирустан қайтыс болғандар мен жұқтырғандар саны күн санап артуда. 1-ақпан күнгі шыққан мәліметке сүйенсек, 304 адам қайтыс болып, вирусты жұқтырғандар саны 14551-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кронавирус

Бұл туралы "South China Morning Post" басылымы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеп хабарлады. 

Қаза болғандардың барлығы вирус ошағы Хубэй провинциясында тіркелген. Жұқтырғандардың арасында 1118 адам ауыр халде, 444 адамның жағдайы қиын, 328 адам ауруханадан шығарылды. 

Сонымен қатар, коронавирустың жаңа түріне күдікті 43 121 оқиға тіркелді. Дәрігерлердің қадағалауында вирусты жұқтырғандармен тығыз байланыста болған 137,6 мың адам бар.

Айта кетейік, күндіз 11 мың 791 ауруға шалдыққан және 259 қайтыс болған туралы ресми түрде хабарланған болатын.

Гонконг университеті ғалымдарының ақпаратына қарағанда, Уханьдағы коронавирусты жұқтырғандар саны 75 мыңнан астам адамды құрауы мүмкін. 

Вирус кем дегенде 23 елде тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирусты халықаралық төтенше жағдай деп жариялады.

АҚШ, Еуропа елдері, Ресей, Австралия және Сингапур індетін тоқтату үшін Қытай азаматтары мен жақында Қытайда болған шетелдіктерді елге кіргізбеу туралы шешім қабылдаған еді. 

Талқылау