Коронавируспен күреске бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінбек – Ажар Ғиният
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл бюджеттен коронаирусқа қарсы күреске қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жалпы осы жылға коронавирус инфекциясымен күресуге 100 миллиард теңге бөлу болжанып отыр. Бұл қаржы вакцинаны алдыруға, науқастардың еміне және денсаулықтарын қауіпке тігіп, науқастармен тікелей жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне байланысты есептелінді. Әрине алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат алты есеге аз. Себебі былтыр науқастар саны көп болып, бос орындар саны азайды. Ал қазір жағдай былтырға қарағанда едәуір жақсарды. Әзірге биылғы жылға жоспарланған қаржының мөлшері осындай”,- деді министр.
Министр қаражаттың қазіргі болжамдар бойынша жететінін, егер қыста және алдағы уақыттарда өршулер күшейетін болса, бюджет бағасын қайта қарастыруға мүмкіндік бар екенін қоса кетті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан