Коронавируспен ауырған ер адамдар бедеулікке шалдығуы мүмкін
COVID-2019 коронавирусы ауырып жазылған ерлерде бедеулік тудыруы мүмкін. Мұндай тұжырымға Тунцзи медициналық колледжінің қытайлық репродуктивті медицина орталығының мамандары келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Global Times-тің хабарлауынша, коронавирус тестикулға зақым келтіруге қабілетті.
Осыған байланысты ғалымдар балалы болғысы келетін және жыныстық өмірінің сапасын сақтағысы келетін коронавирусты жұқтырған ер адамдарға арнайы сынақтардан өтуді ұсынады.
Бұл ретте ешқандай зерттеулер жаңа коронавирус еркек сперматогенезіне әсер ететінін растамады, деп хабарлайды Ura.ru.
Еске сала кетейік, Қытайда коронавирус жұқтырған ең алғашқы адам желтоқсанда емес, қарашаның 17-сінде тіркелгені туралы хабарлады.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаңа коронавирустың таралуы пандемия кезеңіне жетті, өйткені көптеген елдер мен барлық континенттер зардап шекті деп мәлімдеді.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?