Коронавируспен ауыратын алматылық әйел дәрігерлерге қаралмай үйде көз жұмды
COVID-19 індеті бар алматылық әйел дәрігерлерге бармай үйде көз жұмды, ол 63 жаста еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жұбайының айтуынша, ол бір апта бойы дене қызуына және жөтелге шағымданды. Олар учаскелік дәрігермен байланысқа шықпады. Үйде өздігінен емделді. Кеше түнде ол кенеттен тұншығып, есінен танып қалды.
"Жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Өлім жедел жәрдем тобы жеткенге дейін болды. Коронавирусқа байланысты тексерулер жүргізілді, нәтижесі оң болды. Жалпы, Алматы қаласында COVID-19-дан 7 өлім тіркелді", - деп хабарлады департаменттен.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"