Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрмек аталды
Қытайда «Абидол» препаратын коронавируске қарсы әсер ететін дәрілердің қатарына жатқызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл турады ҚХР-дың денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Қытайдың дәрігер мамандарының сөзінше, "Абидол" хлорохинфосфат және "Рибавирин" дәрілерімен қатар COVID-2019 коронавирусына қарсы әсер ететін күшке ие деп танылған. Аталмыш препараттар интерферон мен лопинавир/ритонавир дәрмектеріне араластырылып қолданылады екен.
Ең алғашында, қытайлықтар абидолды жұқпалы індетке қарсы қолданып көрген, алайда оның денеге деген жағымсыз әсерлері анықталыпты.
Еске салайық, бұған дейін Таиланд дәрігерлері коронавируске қарсы препараттар "коктейлін" ойлап тапқан еді. Сонымен қатар қытайлық дәрігерлер коронавируске төтеп бере алатын қытайлық дәрімек анықтаған болатын.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр