Коронавирусқа төтеп бере алмайтын үй жануары аталды
Ғалымдар коронавирусқа төтеп бере алмайтын үй жануарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус мысықтарға жұғып, тіпті оларды өлтіріп жіберетіні анықталды. Зерттеу қорытындысы bioRxiv порталында жарияланды.
Зерттеушілер адамдармен жиі байланыста болатын үй жануарларына тәжірибе жүргізіпті. Атап айтқанда, иттердің, тауықтар мен үйректердің, шошқа, мысық және т.б. жануарлардың коронавирусқа берікті анықталыпты.
Мысықтар мен күзендердің басқасына SARS-CoV-2 вирусы әсер етпейтіндігі анықталыпты. Күзендер вирусты таратушы болғанымен, олардың ағзаларында инфекция айтарлықтай өзгерістер тудырмаған. Ал мысықтарға бұл вирус өте қауіпті екендігі анықталыпты. Әсіресе, ауруға шалдыққан марғаулардың барлығы өліп кеткен.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”