Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққан екі жасар қыз бала Алматыға Куршевельден оралған

Алматыда коронавирусқа шалдыққан 2 жасар қыз баланың қазіргі жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

«Бүгін тағы 3 адамның жұқтырғанын анықтадық. Олардың бірі 2018 жылы туған бүлдіршін балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала Куршевель-Берлин-Алматы рейсімен 13 наурызда келген. Бортта 12 адам болған. Экипажбен қоса барлығы карантинге оқшауланды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық», - деді Әбілдаев.

Сөзінше, инфекцияға шалдыққан тағы 2 ересек адам қазір жұқпалы аурулар ауруханасына жатқылыпты. 

«Қазір Алматыда 11 адамда коронавирус жұқпасы бар екені расталды. Олардың барлығы ДДСҰ хаттамасына сәйкес, ем қабылдап жатыр. Симптоматикалық және вирусқа қарсы терапия басталды. Бұл азаматтармен байланыста болған адамдардың барлығы карантинге жабылды», - деп қосты басқарма басшысы. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусты жұқтырған 27 адам тіркелген. 

Талқылау