Коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдаған 6 адам көз жұмды
Америкалық фармацевтикалық алпауыт Pfizer және немістің Biontech компаниясы жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуге қатысқан 6 адам көз жұмды. Олардың төртеуі плацебо алған, екеуі вакцинаны салдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының (FDA) есебінде көрсетілген.
"Есептік кезеңде, 2020 жылғы 29 сәуірден бастап 14 қарашаға дейінгі аралықта 43 448 қатысушының алтауы (0,01%) көз жұмды. Вакцинаны қабылдаушылардың екеуі 55 жастан асқан, біреуі вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 62 күннен кейін жүрек ұстамасынан аман өтіп, үш күннен кейін бақилық болды", - делінген құжатта.
Екінші науқас алғашқы вакцинациядан үш күн өткен соң атеросклероздан көз жұмды.
Плацебо алғандардың екеуі миокард инфарктісі мен инсульттан қаза болды. Қазіргі уақытта тағы екі науқастың өлімінің себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы басқармасы Pfizer және BioNTech вакциналарының тиімділігін растады. Құжаттарда препарат қауіпсіздіктің тиісті деңгейін көрсеткен, оны шұғыл пайдалану үшін кедергілер жоқ екені атап өтілген.