Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде коронавирусқа қарсы вакцина алған мектеп вахтасының қызметкері көлік ұтып алды

Өскеменде вакцина салдырғандардың ішінде автокөлік жеңіп алған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

5 қыркүйек күні кешке COVID-19 вакцинасы егілген қала тұрғындары арасында автокөлік ұтысы өтті. Дүйсенбі күні таңертең жеңімпазға көлік кілті табысталды.

Ұтыс ойынына 30 мыңнан астам Өскемен қаласының тұрғындары қатысты.

Ұтыс ойынына қатысу үшін адам қала тұрғыны болуы керек және облыс орталығының екпе пункттерінің бірінде вакцина алуы тиіс.

"Бәрі әділ өтті. Бастапқыда жеңімпаз ретінде ұсынылған екі адам шарт бойынша ұтысқа келмей қалды. Нәтижесінде 36-мектептің вахтеры көлік ұтып алды", – деді вакцинацияланған азаматтар арасында автокөлік ойнату жөніндегі комиссия мүшесі Рустам Адамов.

Жеребедегі жеңіс Надежда Мясоед үшін мүлде тосынсый болды.

"Мен көлік жүргізбеймін және жеңімпаз боламын деп мүлде ойламаған едім. Енді маған жүргізуші куәлігін алу керек. Мен осыған дейін жүлде алып көрген емеспін. Сол үшін қатты қуаныштымын. Екпені 1 тамыз күні алдым, ешқандай реакция болған жоқ”, – деді Надежда Мясоед.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар автокөліктің иесін құттықтап, ұтыс ойынына қатысушылардың барлығына денсаулықтарына жауапкершілікпен қарағандары үшін алғысын білдірді.

"Мен мектепте аула вахтермын. Достарымның ешқайсысы қарапайым адам автокөлік ұтып алады дегенге сенбеді. Мен балалармен жұмыс жасағандықтан, вакцина аламын деп шештім. Біздің қаланың әрбір тұрғыны вакцинациядан өтуі керек деп есептеймін”, – дейді жеңімпаз.

Талқылау