Коронавирусқа байланысты АҚШ азаматтарына 1000 доллардан үлестеру ұсынылды
АҚШ-та коронавирусқа байланысты қаржылық қиыншылақтардан шығу үшін тұрғындардың әрқайсысына 1000 доллардан тарату ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай бастаманы АҚШ-тың республикашылдар партиясының сенаторы Митт Ромни көтерді.
Сөзінше, бұл жағдай отбасылар мен жұмысшылардың күнделікті тұрмысына жәрдемдесу үшін және мемлекет экономикасының тұтынушылық шығынын арттыру үшін қажет көрінеді. Ол АҚШ конгрессі бұған дейін 2001 және 2008 жылдары осындай шараларды іске асырғанын алға тартты.
Сондай-ақ сенатор шағын кәсіпкерлер мен студенттерді қолдау үшін грант бөлуді ұсынды.
Еске салайық, бұған дейін коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталатыны жайлы айтылған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі