Коронавирус бір күнде әлемдегі ең бай адамдарды 139 миллиард доллардан айырды
Ең көп ұтылғандардың ішінде Джефф Безос пен Бернард Арно бар, олардың әрқайсысы 4,8 миллиард доллар жоғалтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең бай 500 адам 24 ақпанда жаңа коронавирустың таралуынан Америка Құрама Штаттары мен басқа елдердегі қор нарығының индексінің төмендеуіне байланысты шамамен 139 миллиард доллар жоғалтқан. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Бұл ең бай адамдардың 2016 жылдың қазанынан бастап, осыған ұқсас оқиғалар басталғаннан кейінгі ең үлкен шығындары екендігі атап өтілді. Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос және LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) бас директоры Бернар Арно ең көп ұтылған: әрқайсысы 4,8 миллиард доллар жоғалтқан. Ал, Zara бөлшек сауда желісінің иесі Амансио Ортега 4 миллиард доллардан айырылды.
Ресейлік миллиардерлердің арасында ең көп шығын "Лукойл" компаниясының президенті Вагит Алекперовқа түсті - 1,21 млрд доллар.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр