Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың адамға қалай жұққаны айтылды

Канадалық Оттава университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының жарқанаттардан адамға қалай жұққанын анықтады. Зерттеушілердің пайымдауларынша, адамдарға қауіпті індет жарқанат етін жеген қанғыбас иттерден тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

иттер

Мұндай деректер Molecular Biology and Evolution журналында жарияланған. 

Мамандар коронавирустың 1252 түрлі геномына тәжірибе жүргізіпті. Аталмыш зерттеуге SARS-CoV-2 вирусының түп тамыры болып саналатын жарқанаттардың коронавирусы BatCoV RaTG13-те қосылған. 

Ғалымдар адамдар мен басқа да сүтқоректілерде вирусқа қарсы ZAP ақуызы болатынын айтады. Бұл фермент ағзадағы дәл осы вирустың түзілуіне қарсы әрекет ететін көрінеді. Алайда алғашында иттердің денесіне түскен жарқанаттардың коронавирусы артынша түрленіп, адамдардың қорғаныш қасиетіне төтеп бере алатын қабілетке ие болған сыңайлы. 

Зерттеу нәтижесінде коронавирустың иттердің ас қорыту жүйесіне айтарлықтай зақым келтіретіні анықталған. Ал індетті жұқтырғандардың арасында асқазан ауруларына шалдыққандардың болуы вирустың адамға иттерден тарады деген болжамды  дәлелдейді.  

Осылайша зерттеушілер коронавирус адамға жарқанаттардың етін жеген қанғыбас иттерден тарады деген тоқтамға келіпті. 

Атап кетерлік жайт, алғашында мамандар коронавирус тікелей жарқанаттардан адамға жұқты деген пікір айтқан болатын. Өйткені ауру ең алғаш жабайы жануарлардың етін сататын базар сатушысынан табылыпты. 

Талқылау