"Қорқақтар!": Назарбаев шетелге қашып кеткен оппозиционерлер туралы айтты
Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүріп, Қазақстан билігін сынға алатын оппозиционерлер туралы сұраққа жауап берді. Экс-президент оларды қорқақ деп атап, өзіне тікелей талап қоюды ұсынды.

Назарбаев ол адамдарды "көтеріп", "банкирлер, министрлер" қылғанына әлі өкінетінін айтады, ал олар болса ақша ұрлап, қашып кеткен.
"Сатқындар ешқашан жақсы болмайды. Себебі олардың ішінде құрт бар, олар не істегенін, оның дұрыс емес екенін, өз елі мен халқына қарсы сөйлегенін түсінбейді. Ол әрдайым өз елінде, өз халқының арасында дау-дамай болғанын қалайды. Бұл жақсы нәрсе ме?”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының пікірінше, “сатқындар” өздеріне тиесіліні алады.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі