Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорғас" қоймасына бір топ адам басып кіріп, есіктерін қиратты

Бір топ адам "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының заттарды сақтайтын қоймасын бұзып кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы видеоны куәгерлер Instagram әлеуметтік желісіне жариялады.

"Қойманың сырты қоршалған. Ішінен де құлыптаулы. Кіреберісте адамдар жиналып, бірінен соң бірі қоршауды бұзып кірді. Бірақ арғы жағында күзетшілер мен полиция қызметкерлері адамдарды жібермей тұрғанымен ешкім дес берер емес. Жиналғандардың ішінде үлкендермен бірге балалар да бар. Ашуланған жұрт қоршауды бұзып кіріп, қоймаға барып жатыр. Бұл жерге кедендік тексерісте қалған заттар сақталады. Сол жерлердің қызметкерлері кеденде ұмытылып қалған жүктерді иесін тапқанша уақытша сақтау орнына осында әкеледі. Кеше қызметкерлер сондай он тонна тауарды әкелген», – делінген видеоның астындағы жазбада. 

Алматы облысының полиция департаменті Қорғаста болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, жағдайдың тынышталғанын хабарлады. 

"Қазір қажетті шаралар қабылдануда. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жағдай түзелді", – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

 

Талқылау