Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 млн теңге пара алған Қорғаныс министрлігінің шенеунігі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қажеттілігіне бөлінген бюджеттік қаржыны ұрлаумен айналысқан ірі қылмыстық топтың іс-қимылын анықтап, жолын кесті.

12697952

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздеу іс-шаралары барысында ҚР ҚК  Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы бастығының орынбасары подполковник Жұмқазиевтің Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары және бірнеше өзара үлестес коммерциялық құрылым басшылары тартылған сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырғандығы анықталды.

Қорғаныс ведомствосының конкурстық комиссиясының төрағасы болған Жұмқазиев аталған кәсіпкерлер мүдделеріне ықпалдастық еткен, өзінің заңға қайшы әрекеттерін жасыру үшін Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрліктері органдары бақылаушы лауазымды тұлғаларының мүмкіндіктерін қолданған.

8 тамызда подполковник Жұмқазиев  20 млн. теңге пара алып жатқан жерінде ҰҚК Әскери қарсы барлау департаментінің қызметкерлерімен ұсталды.

Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қорғаныс және қаржы министрліктерінің 5 лауазымды тұлғасы, ЖШС  4 басшысы ұсталды. Едәуір көлемде отандық және шетелдік валюта алынды.

Аталған қылмыстық схемаға бірталай өзге де мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының және коммерциялық кәсіпорындардың қатыстылығы тексерілуде.

Жедел-тексеру іс-шаралары жалғасуда, олардың нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында зейнетке шығуына аз уақыт қалған шенеунік пара алып ұсталды

Парамен ұсталған шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Астанада Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алу кезінде қолға түсті

Талқылау