Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің генералының бірнеше рет пара алғандығы әшкере болды

Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алды деген күдікпен айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пара

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі.

"Қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруды, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге және жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті жоғары лауазымды шенеунік жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан айтарлықтай мөлшерде жүйелі негізде пара алған деп күдіктелуде", - делінген ресми хабарламада. 

Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Талқылау