Қорғаныс министрлігі Ақтөбедегі тікұшақ апатының алдын ала себебін атады
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатының алдын ала себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шайх-Хасан Жазықбаевтың сөзінше, апаттың негізгі себебі техникалық ақау болуы мүмкін.
“Апаттан көз жұмған әскеридің отбасына көңіл айтамыз. Қазір қызметтік тексеріс тағайындалған. Қандай жағдай болғаны анықталып жатыр. Әртүрлі нұсқа (апат себебіне қатысты – ред.) айтылып жатыр. Бірақ соның ішіндегі ең негізгісі – техникалық ақау”, – деді ол.
Еске салайық, 9 қарашада Ақтөбе облысында әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 1 адам опат болған еді. Бортта болған тағы екі адам жарақат алған.
Кейін апаттан көз жұмған азаматтың Әскери институт авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, майор 36 жастағы Батыр Оразымбетов екені айтылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген