Қорғаныс министрі 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы айтты
Журналистер қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан 9 мамырда Мәскеуде (Ресей) өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сіз 9 мамырда Мәскеуге барасыз ба?”, – деп сұрады журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуі алдында.
“Жоқ. Мүмкін білетін боларсыздар, ертең Жоғарғы бас қолбасшымыздың басшылығымен жалпы армиялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз”, – деп жауап берді Жақсылықов.
- Әскерде борышын өтегендердің барлығы тегін оқи ма - Қорғаныс министрлігі жауап берді
- Ресейде өтетін Жеңіс күні шеруіне тек Қырғызстан президенті қатысады
Еске салайық, бұдан бұрын Ақорданың баспасөз қызметі 5 мамырда мемлекет басшысы – Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысының жалпы армиялық конференция өтетінін, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алатынын хабарлаған.
2023 жылы Қазақстан Жеңіс күні мерекесіне орай әскери парад өткізілмейді.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері ішінде шетінеп кеткен: Туыстары шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген