Кореялық геологтар Қазақстанда құны 15,7 млрд доллар болатын литий кен орнын тапты
Кореяның геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) Қазақстанның шығысындағы литий кен орнын игеру жоспарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Korea Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдардың мәліметінше, кен орнының көлемі – 1,6 шаршы шақырым. Бұрын бұл жерде тантал өндірілген.
"Тантал әдетте литий және цезиймен бірге жеткізілетінін ескере отырып, KIGAM Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша өткен жылдың мамыр айынан бастап аймақты зерттеп жатыр", – делінген ақпаратта.
Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі. Табылған ресурстардың құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланған.
KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін аймақта бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан