Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Корей елінің ЖОО-ларымен танысып жатыр": Қайрат Нұртастың қызы шетелге оқуға аттанбақ

Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыз Қайрат Нұртастың тұңғыш қызы Сезім шетелге оқуға дайындалып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Анасы актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, қызы Корей елінің біліміне қызығып жүрген көрінеді. 

“Сезім дәл қазір Корей елінің университеттерімен танысып жатыр. Қай елде оқитынын әлі нақты шешкен жоқ. Барынша зерттеп көргісі келеді", – деп жазды Сезімнің анасы. 



Сондай-ақ қызының қандай бағытқа икемі барын да, өнерден гөрі ғылымға жақын екенін жасырмады. 

"Сабырлы, шешімді асықпай қабылдайды. Кез келген жаратылыстағы сұрақтың жауабы ғылымда деп санайды. Әлемнің ең үлкен кітапханаларын аралап шығуды армандайды. Бірде Сезім: "Анашым, мен әлемдегі ЕҢ дегеннің барлығын білгім келеді!" деді. Ең үлкен кітапхана, ең биік ғимарат, ең көне мәдениет... Ең дегенге ұмтылған ақылыңнан айналайын", – деп тебіренді актриса. 

Еске салайық, "Балаларға ауыр тиіп жатыр" деп Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау