"Көптен күткен той": Танымал әнші Жазира Байырбекова қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova
Жақында жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың шаңырағында той болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олар болашақ құдаларымен танысқан. Өнер иесі жағымды жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Көптен күткен той. Болашақ құдаларымызбен танысу шай. Жанымыздан табылған достарымызға рақмет”, – деп жазған ол.
Өнерлі жұптың құдаларымен таныстық шайға Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Сәкен Майғазиев пен Динара Майғазиева, Нұрлан Еспанов сынды эстрада жұлдыздары қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Жазира Байырбекова отбасына қатысты жаңалықты жария еткені хабарланған еді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген