"Көп балалы ана болғым келеді". Құралай Анарбекова жақында тұрмыс құратынын айтты
Актриса Аман Тасығанаға берген сұхбатында 33 жасында тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
instagram.com/kuralay_corich
“Арманым бақытты отбасы құру. Саналы, ақыл тоқтатқан, маған сенетін азаматқа күйеуге шығып, көп балалы ана атанғым келеді. Қазір сондай жанды кезіктірдім”, дейді Құралай.
Жүргізушінің “Жақында той бола ма?” деген сауалына “иә” деп жауап берді.
“Тұрмыс құру үшін бәріне дайын болу керек. Балаларға тәрбие бере алатындай, оларды асырай алатындай жағдай жасауың қажет. Менің осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпауымның себебі, лайықты жанды кезіктіре алмадым. Қазір мен қай жағынан болса да дайынмын”, – деді актриса.
Болашақ күйеуінің өзінен жасы кіші екенін жасыра алмаған актриса оның қай салада еңбек ететінін айтудан бас тартты.
“Оны алдағы уақытта көре жатарсыздар. Жеке өміріме қатысты дүниелерді жариялағым келмейді. Біз әлі ата-аналарымызбен де танысқан жоқпыз”, – дейді Құралай.