Көпбалалы әкім балаларын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты
Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі балаларын оқу жылына дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Голос народа" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

47 жастағы Марлен Көлбаев жұбайымен сегіз бала тәрбиелеп отыр. Бүгінде ұлдарының екеуі Алматыдағы жоғары оқу орындарында, тағы төртеуі жергілікті орта мектептерде білім алуда.
"Қызым тұрмысқа шықты, бөлек тұрады. Одан кейін екі ұл, студент. Олар университеттерде грантпен оқиды. Ал төртеуі мектепке барады, 9, 8, 5, 3-сыныптарда. Ең кенжесі балабақшада. Алтауына биыл 500 мың теңгедей қаражат кетті. Менде көбісі ұл болғандықтан кішілері үлкендерінің былтырғы формасын киеді. Бұл жақсы", - деді әкім.
Оның айтуынша, бұл шығынға мектеп формасы ғана емес, кеңсе тауарлары да кірген.
Айта кетейік, Көксу ауданы әкімінің жалақысы 750 мың теңгені құрайды.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты
Қазақстандық ер адам үш баладан кейін вазэктомия жасауға бел буды: Алайда дәрігер әйеліне ота жасауға кеңес берген
Диас тұңғышы дүниеге келгенде-ақ әйеліне бір баламен шектелуді ұсынған