Көп реттік маска таққандарға айыппұл салынады: Министрлік түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі қайта қолдануға болатын маскалар тағуға "тыйым салу" туралы видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл жерде полиция қызметкері бар. Мен құрлыс дүкеніне кірген болатынмын. Бірақ, маскам төмен түсіп, мұрным ашық тұрған. 83 мың айыппұл салып жатыр. Құжаттарды көрсетіп, көп реттік маска қолдануға болмайтынын айтты. Яғни, тек бір реттік маска тағу керек дейді. Естеріңізге сала кетейін, көп реттік маскаға айыппұл салынады", - дейді видео авторы.
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің баспасөз қызметі көп реттік маска қолдануға болатынын айтты.
"Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жарлығында қайта қолдануға болатын маска тағуға тыйым салынбады. Бірақ масканы 2-3 сағат сайын ауыстырған жөн. Әр азамат масканы өзі таңдауға құқылы", - дейді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов Қазақстанда бірнеше рет қолданылатын матадан маска киюге тыйым салынбағанын айтты.
"Шүберек маскаларын қолдануға рұқсат етіледі. Бұлардың бір реттік маскадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Масканың ешқандай түріне шектеу қойылмаған. Егер видеодағы бақылау топтары тарапынан заң бұзушылықтар болса, онда шаралар қолданылады", - деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік