Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп нәрсеге көз жұмып, шыдайды": Қайрат Әділгерей қыздарына арнап әсерлі жазба жариялады

Отандық әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей қыздарына арнап, жан тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Актер қоғамдағы қыздың орны баса айтып, қызға қамқор болуға шақырды. 

“Қыз – жат жұрттық. Қыз – қонақ" дейді атам қазақ! Қыз бала әкесіне жақын келеді. Қыз баланы еркелетіп, сырласып, ішкі жан-дүниесін түсінетін, дегенін жасай алатын әке ғана! Уақыт өте келе қыз бала біреулер үшін бойжеткен, келіншек, әйел болады, тек әкеге ғана өмір бойына қызы болып қала бермек!”, – деп жазды әзілкеш. 



Сондай-ақ актер қыздардың мойнындағы жауапкершілікті де сөз етті. Әке мен қыздың арасында мықты байланыс болу керегін атап өтті. 

“Қыз ұзатылғанда ата-анасы көз жасқа ерік беріп, езіліп ұзатып жатады. Әкеге анасына қарағанда екі есе қиын болады. Сұрақ? Неге? Әке алған жарының ішкі жан-дүниесін түсіне білді ме? Оны өмір бойына ренжітпей алақанына салып аялай білді ме? Оның жан сырына үңіле білді ме? Қажеттілігін өтей алды ма? Оның ойы мен қалауына құлақ аса білді ме? Сол ұзатылар сәтте осы нәрселерді ой елегінен өткізіп, өткенге оралып, қызын көз жасқа ерік беріп, шығарып салатыны сондықтан шығар?! Қыз ұзатылғанда баланың мойнына артылған жүгі мен жауапкершілігі өте қиын. Көп нарсеге көз жұмып, жанұясының бірлігі мен ынтымағы, тыныштығы үшін, іштей тынып, көніп кете береді. Өмір бойына әкесіне ғана еркелеп өтеді!" – деп жазды Қайрат Әділгерей. 

Еске салайық, өнер иесі "Маған шыдап жүр" деп Қайрат Әділгерей жұбайын жер-көкке сыйғызбай мақтаған еді. 

Талқылау