Конституциялық сот мектептерде хиджаб киюге тыйым салуға қарсы мәлімдемені қараудан бас тартты
Конституциялық сот оқушы қыздарға орамал тағуға тыйым салуды Конституцияға қайшы деп тану туралы арызды қараудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: news.myseldon.com
Конституциялық сотқа мектептерде орамал тағуға тыйым салуды "Конституцияға қайшы" деп тану туралы өтініш түсті.
Өтінішті Қарағанды облысының мамандандырылған әкімшілік соты беріп, қазір оқушы қыздардың ата-аналарының талап-арыздары қаралып жатыр. Олар балаларының ақ орамалдың кесірінен сабаққа кіргізілмейтініне наразы.
Алайда сот бұл арызды қараудан бас тартқан. Бұл шешім соттардың немесе басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын жағдайларда мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден бас тартумен негізделген.
Сонымен қатар әкімшілік сот "бұйрық шығарған мемлекеттік органның орналасқан жерін немесе оның жариялану көзін көрсетпегенін" хабарлаған.
- "Күйеуі мәжбүрлесе, онда әйел хиджаб кисін": ҚМДБ желіде тараған видеоға қатысты жауап берді (видео)
Құқық қорғаушы Жасұлан Айтмағанбетов журналистерге Конституциялық сот жауапкершілікті әкімшілік сотқа ғана ауыстырғанын айтты.
Ал облыстық сот бұған дейін орта білім беруге кедергі келтіруге қатысты заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы төрт жеке ұйғарым шығарған. Бір апта бұрын АҚШ Мемлекеттік департаментің діни сенім бостандығына нұқсан келтіруге қатысты ұстанымын жариялаған еді. Ол Қазақстанға діни нанымдарға, орамалға байланысты білім алу құқығын шектеу дұрыс емес екенін көрсетеді", – деді ол.
Сондай-ақ биыл Қарағанды облысында білім басқармаларына шара қолдану үшін жеке ұйғарымдар жасалғаны хабарланды. Оған себеп – орамал таққан оқушы қыздардың мектеп формасы талаптарын бұзғаны үшін оқу үдерісінен шеттетілуі.
"Қарағанды қаласының қалалық білім бөліміне сот төрт жеке қаулы шығарды. Бірақ әзірге бұл қаулы бойынша мектеп директорлары жауапқа тартылды ма, жоқ па, білмейміз. Ал мен сотқа шағым түсірген Алматы облысының сотында Ұйғыр ауданында сол жердегі білім бөлімі ауылдық округтегі мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісін сабаққа кіргізбегені үшін жазалады", – дейді адвокат Махамбет Сұңғат.
Айта кетейік, былтыр 6 қазан күні мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда хиджаб пен басқа да діни киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді. Ал ұстаздар күніне орай өткізіліп жатқан республикалық педагогтер съезінде ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі хиджаб мәселесі туралы пікір білдіріп, еліміздегі Конституцияға бағынуды сұраған.