Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көңіл айтып келмеңіздер": Маңғыстау полициясының бұрынғы бастығы анасын жерлеуге қатысты жағдайға түсінік берді

Махсудхан Аблазимов Instagram-дағы парақшасында жазған жазбасында анасының жерлеу рәсіміне мұнша адам жиналатынын күтпегенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті басылымдарға сілтеп хабарлайды. 

батыс

Маңғыстау облысының бұрынғы полиция басшысы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы анасының жерлеу рәсімін шағын ортада өткізуді жоспарлағанын атап өтті.

"Анамыздың қазасына көңіл айтып, соңғы сапарға шығарып салу үшін келгендерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Әр түрлі қалалардан келген еліміздің көптеген азаматтары жанашырлық сөздерін білдірді. Жерлеу рәсіміне көп адамдар келді. Біз мұндай болатынын тіпті күткен жоқпыз. Жерлеуге тек ет-жақындары болады деп жоспарладық. Індетке байланысты біз барлық туыстарымыздан келмеуді өтіндік. Бірақ біздің туыстарымыз саналмайтын, бейтаныс адамдарға келуге тыйым сала алмадық. Біз, әрине, анамызды жақсы көріп, құрметтейтіндеріне қуаныштымыз, осындай қолдау үшін шын жүректен алғыс айтамын, - деп жазды Махсудхан Аблазимов.

Сондай-ақ, ол адамдардан көңіл айтып келуден бас тартуды сұрады.

- Өкінішке орай, мен сіздерден бұдан кейін үйге көңіл айтып келуден бастартуды сұрауға мәжбүрмін. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда карантиндік нормаларды қатаң сақтауды талап ететін жағдай қалыптасты. Сондықтан жалпыға ортақ қауіпсіздік үшін халықтың шоғырлануын болдырмау өте маңызды. Сізден бізді дұрыс түсінуіңізді және айыптамауды сұраймын. Құрметпен Аблазимов, - деп жазды Маңғыстау полициясының бұрынғы басшысы.

Талқылау