Соңғы жаңалықтар

Көмек қажет: Ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін алматылықтардан қан тапсыруды сұрайды

Алматы тұрғындарынан Bek Air ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруды сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көмек қажет: Ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін алматылықтардан қан тапсыруды сұрайды

«Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларына шұғыл көмек қажет! Алматыдағы қан құю орталығының мекен-жайы: Бұқар жырау 47, телефон 274-31-99. Алматы облысындағы қан құю орталығының мекен-жайы: Қаскелең, Абылай хан көшесі, үй. 42. Телефон +7 (72771) 2 28 04.

Донор ауруға шалдыққан немесе ауыратын адам болмауы керек: гепатит, бруцеллез, мерез, жүрек аурулары, бронх демікпесі, есірткіні тұтынушылар, созылмалы алкоголизммен АҚТҚ жұқтырған адамдар болмауы тиіс», - деп жазды Саин Facebook-тегі парақшасында.

Ұшу кезінде ұшақ биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды жарып жіберді, екі қабатты ғимаратпен соқтығысты. Құтқару жұмыстары дереу басталды. Апаттан 14 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: 

Алматыда ұшақтан қаза болғандар саны 14 адамға жетті

Алматыда және Нұр-Сұлтанда сенім телефоны ашылды

Bek Air ұшағы апатынан қаза болғандардың тізімі шықты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр