Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Комаровский коронавирус туралы басты сауалға жауап берді

Танымал ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский өзінің Youtube желісінде SARS-CoV-2 туралы көрермендерінің сұрақтарына жауап бере отырып, бұл індетті екінші мәрте жұқтыру қаупі туралы айтып берді. 

Атақты дәрігер бұған дейін коронавирус туралы 150-ден астам сұраққа жауап беріпті, жаңадан келіп түскен сауалдардың арасында "Коронавирусты қазір жұқтырып ауырған дұрыс емес пе?" деген де болды. Медиктің ойынша, бұл қауіпті, себебі вирус асқынуларға алып келуі мүмкін. Дәрігер әрі қарай да сақтық шараларын ұстанып, жақындарға қамқорлық етіп, ғылымның адамзат алдындағы үлкен мәселені шешуін, вакцинаның ойлап табылуын немесе емдік қасиеті мықты вирусқа қарсы дәрі-дармектің шығарылуын күтуге кеңес берді. 

Эфир кезінде қойылған маңызды сұрақтардың бірі - "Коронавирусқа шалдыққан адам тағы қайта вирусты жұқтырып, тұмау сияқты жыл сайын ауруы мүмкін бе?". Дәрігер бұл дертпен жыл сайын ауру мүмкіндігін теріске шығармайды, алайда уақыт өте келе вирус әлсірей түседі және бір-екі жылда оған қарсы ем мен вакцина ойлап шығарылады, сондықтан биылғыдай індет адамдар үшін қырғидай тимейді. 

Комаровский бәлкім SARS-CoV-2-мен күрес әлі ұзаққа созылатынын болжап, бірақ вакцина тек иммунитеті әлсіз адамдарға қажет екенін де тілге тиек етті. Маман сондай-ақ коронавируспен ауырып шыққан адамның тыныс алу жүйесі кейін әлсіз болып қалады деген пікірді теріске шығарды. Бұл бұған дейін ауруы болған адамдарға ғана қатысты екен. 

Дәрігер Жер халқының 3/4 бөлігі коронавирусты жұқтырады деген болжам айтты, бірақ адамдардың көбінде індеттің белгілері білінбей өтеді екен. Карантин кезіндегі серуендеулерге қатысты Комаровский таңертең, ауа таза және далада ешкім жоқ кезде шығуға кеңес берді.

Талқылау