"Қолжетімсіз баға": Қарақат Әбілдина сахналық көйлектерін сатып, сынға қалды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Қарақат Әбілдина сахналық көйлектерін сатуға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Әншінің айтуынша, гардеробына көйлектері сыймай жатқандықтан, сатуға шығарған.
“Киім өте көп. Гардеробым толып кетті. Сондықтан бір-екі рет киген көйлектерімді сатуға шығарамын деп шештім. 70 пайыз жеңілдікпен алуға болады. Бірақ қимай тұрмын. Көмекші қыздарым екі күн жүріп, әрең көндірді. Ең сапалы матадан тігілген, отандық сәнгерлердің қолынан шыққан көйлектер. Өзінің бағасынан әлдеқайда арзан бағада сатылады”, – деп айтты өнер иесі.
-
"Құны – 20 миллион теңге": Ерке Есмахан ұлының кіндік шешесінің ең қымбат дүниесін айтып қойды
-
"8 миллион теңге": Ерке Есмахан сахналық көйлектерін сатып, қанша тапқанын айтты
Көп ұзамай жеке парақшасына көйлектерін сала бастады. Алайда оқырман күткен баға болмай шықты. Бір көйлектің бағасы – 400 мың теңге.
“Қарапайым халықтың алмайтыны анық”, “Ондай бағада жалақы да алмаймыз”, “Не деген қымбат баға?!”, “Қызыма ырымдап аламын ба деп ойлап едім”, “Қолдан-ақ тігіп алуға болады”, “30 шақты көйлегімді сатамын деп еді, ешкім алмайтын сияқты ғой”, “70 пайыз жеңілдікпен тұрса, өз бағасы қанша теңге болған?!”, – деп желі қолданушылары жазып жатыр.
Еске салайық, өнер иесі жаңа үйіне рум-тур жасағанын жазған едік.