Колледж директорларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің айлығынан төмен – Асхат Аймағамбетов
ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі колледж директорларының жалақысының төмен екенін айтты. Оның сөзінше тіпті мектеп мұғалімдерінің айлығы колледж директорларынан жоғары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сондықтан бұл жерде өте күрделі өзгерістер қажет. Министрліктің өз ұстанымы бар. Біз тиісті мемлекеттік органдармен келесі оқу жылында бұл мәселені толық шешуге бар күш-жігерімізді саламыз", – деп уәде етті ведомство басшысы.
Бұл ретте министр атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Айтуынша енді колледж оқытушыларының санатты жоғарылатқаны үшін қосымша ақы алуға мүмкіндігі бар. Бұрын бұл аттестациядан өту үшін жасалатын. Сондай-ақ 180 колледж қайта жабдықталып, барлық колледжде нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай білім беру бағдарламаларын өзгертуге мүмкіндіктер пайда болды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты