"Қолындағысын шешіп берді": Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға бағалы сыйлық жасады
ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Айтбаева әнші Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі ”Жан анам” концертіне қатысты.
“Димашжанның әжесінен алтын сақина тағып барамын. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын! Түн тыныштығын берсін!”, – деп жазды әнші.
Халық әртісі жанды дауыста ән салып рақмет айтты.
“Мынадай алтын сақина таққасын бірауыз бірдеңе айту керек шығар?!”, – деп халық әні “Сәулем-айды” орындады.
Желі қолданушылары естен кетпейтін тамаша сәтті талқылап жатыр.
“Адамгершілігі, кішіпейілдігі мол жансыз! 100 жасаңыз! Халқыңыз сізді жақсы көреді”, Шынайылығыңызбен халықтың махаббатына бөленіп келе жатырсыз ғой, өнеріңіз бен мінезіңіз гармонияда ғой, Мақпалжан!”, – деді көпшілік.
Еске салайық, Бибігүл Төлегенова әріптесі Мақпал Жүнісоваға білезік таққанын айтқан еді.
Астанада үш бала ұйықтап жатқан пәтерге жалаңаш ер адам кіріп кеткен: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Балалардың әкесі өзін қорғауға мәжбүр болған
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек