Көлікпен басып, оқ жаудырған: АҚШ-та жаңа жыл таңында теракт болып, салдарынан 10 адам қаза тапты
АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында белгісіз қылмыскер теракт жасап, көпшілікті жүк көлігімен басып, содан кейін оқ жаудырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Туристер көп келетін Бурбон-стритте қылмыскер көпшілікті көлікпен басып өткен. Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы уақытта болған.
Бірнеше адамды қағып кеткен жүргізуші көліктен түсіп, көпшілікке оқ ата бастаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер де оған оқ жаудырды. Шабуылшының жараланғаны немесе өлтірілгені белгісіз.
Салдарынан 10 адам мерт болып, 30 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды