Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолы шіріп кеткен: Тараздағы ауруханада көз жұмған жігіттің өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Тараздағы ауруханада көз жұмған 18 жастағы Ернұр Абдуллаевтың туыстары жігіттің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде Ернұрдың өлімінің егжей-тегжейін айтып берді. Жегіттің апластикалық анемиясы (қан түзу жүйесінің ауруы) болған. Ернұр тамыз айының соңында дәрігерлердің көмегіне жүгінгенген. Жігіттің оң қолына медбике арнайы катетер қойған. Алайда катетр шығып кетіп, оң қолынан сол қолына ауыстырылған. Әпкесінің сөзінше апластикалық анемиямен ауыратындарға катетер дәрігердің бақылауында немесе дәрігердің өзі қоюы керек. Ал Ернұрдың жағдайында оны медбике қойыпты.

"27 тамызда ол Жамбыл облыстық ауруханасына медициналық көмекке жүгінген. Ауруханаға түскен кезде оның апластикалық анемиясы бар екені ескертілген. Сол күні оған ем тағайындалып, шынтақ көктамырына реактивті веноздық инъекция үшін оң қолына тамырішілік катетер қойылған. Кейін оң қолындағы катетр қозғалып кетіп, сол қолына ауыстырылған. Үш күн бойы дәрі-дәрмек катетер арқылы енгізілді. Алайда, катетер дұрыс салынбаған немесе медбике бастапқыда тамырды дұрыс таппаған. Осылайша, дәрігерлер терінің астына тітіркендіргіш затты мөлшерден тыс енгізіп жіберген", – дейді марқұм жігіттің әпкесі.


 

"Екі-ақ күн өмір сүрді": Ақмола облысында жаңа босанған әйел сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр


Ернұр дәрі-дәрмекті катетер арқылы енгізгенде ауырсынғанын айтқан. Алғашқы күндерден-ақ сол қолы ісіген. Бірақ дәрігерлер гематоманың кететінін, қолына жақпа май жағу керектігін айтыпты.

21 қазан мен 9 қараша аралығында Ернұрға ауруды басатын дәрі (трамадол және морфин) берілді. Сол кезде оның сол қолы шіри бастаған. Антибиотиктердің әсерінен жігіттің екі ай бойы қызуы көтеріліп, ішкі мүшелері зақымданған.

Фото: Әлеуметтік желіден

“Дәрігерлер оның дене қызуын қайта-қайта төмендетіп, өлгенше ауруды басатын дәрілермен ұстаған", – деді оның әпкесі.

Ол болған жағдайға дәрігерлерді және олардың салғырттығын кінәлайды. Адам өліміне әкеп соқтырған кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін медбике мен емдеуші дәрігер жұмыстан босатылды.

"Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының әкімшілігінің ақпараты бойынша науқас А. гематология бөлімінде қайталап ем қабылдаған. Соңғы емдеу курсы 2024 жылдың 21 қазаны мен 9 қарашасы аралығында қан ауруына байланысты диагнозбен (қатерлі түрі) қабылданған. Емдеу тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда стандарттар мен хаттамаларға сәйкес науқастың туыстарының (анасының) қатысуымен жүргізілді. Науқас сол жерде болған кезде туыстарына жағдайының ауыр екені ескертілді", – деп хабарлады Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін Павлодар облысының тұрғыны дәрігерлердің салғырттығынан сәбиінен айырылғанын айтқан еді.

Талқылау