Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көктемгі су тасқынымен күресуге министрлік қанша қаржы жұмсамақ 

Көктем келгенде еліміздің бірнеше өңірін су тасқыны басу қаупі бар. Қауіптің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі жұмысты бүгіннен бастап қолға алып жатыр. Осы орайда су тасқыны қаупін болдырмау жолында күреске ел қазынасынан қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Су тасқынының кері әсерін төмендету мақсатында біздің министрлік талдау жүргізді. Оның нәтижесі бойынша көктемгі су тасқыны кезінде қауіп төнуі ықтимал 905 елді мекен анықталды. Онда 600 мыңға жуық адам тұрады. Ал қаржыға мәселесіне келсек, әр өңірде жергілікті әкімшілік бюджетінен бөлінеді. Бүгінгі таңда су басудың алдын алуға күреске жергілікті әкімдіктердің резервінде 36,6 млрд теңге көлемінде қаржы ұйымдастырылып отыр", - деді ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар, министр орынбасары елімізде 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы бекітілген тілге тиек етті. 

"Азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару органдарының дайындық деңгейін тексеру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында "Көктем-2021" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын Павлодар қаласында өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою бойынша республикалық жедел штабы мен жедел тобының құрамы анықталды. Жеке құрамның жалпы саны 10 мың адамнан астам және 1800 бірліктен астам техникасы бар азаматтық қорғау күштері мен құралдарының топтамасы құрылды", - деді вице-министр. 
 

Талқылау