Көкшетауда зейнеткер өз үйінің қирандысының астында қалып көз жұмды
Алпыс үш жастағы әйел үйдің шатырының опырылып құлауынан қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Болған оқиға жайлы жергілікті 716.kz порталы мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 6 қазан күні сағат 00:48-де, Көкшетау қаласының Пионерская көшесінде болған. 15 шаршы метр аумақта орналасқан бір қабатты жеке тұрғын үйдің төбесі кенеттен құлап түскен. Құтқарушылардың айтуынша, үй ескі, 1950 жылы салынған, бірақ апатты деп танылмаған.
- Өртеніп кеткен: Атырау облысында қорадан үш баланың мәйіті табылды
- Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылып ортасына түсті (видео)
Қирандылар астынан 63 жастағы үй иесінің мәйіті табылды. Ол алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болған.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді