Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда спорт мектебінің төбесі опырылып ортасына түсті (видео)

Павлодарда "Батыр" спорт мектебінің шатыры құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Pavlodarnews.kz. порталына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.

Шатыры опырылып түскен ғимараттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр.

Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан "Батыр" бокс залының шатыры құлап түскен.

"Зардап шеккендер жоқ. Залда ешкім болған жоқ. Таңертең жаттығу болды, шатырдың құлағанын естіген сәтте балалар жедел эвакуацияланды", – деді ол.

Мектепте директор мен вахтер болды. Екі еден плитасы құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды.

Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген.

Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Талқылау