Көкшетауда бір мезетте 90 отбасы үйсіз қалды
Көкшетауда Вернадский көшесінде орналасқан көпқабатты үйді ресми түрде апатты деп таныды. Осылайша 90 отбасы небәрі бір сағат ішінде жеке пәтерсіз қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kokshetau.asia басылымына сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров сараптама нәтижелері бойынша, үйдің жарамсыз екенін жиналыс кезінде айтты. Сондай-ақ, шенеунік аталған ауданда көпқабатты үй салынып, апатты тұрғын үйдегілердің болашақта сол жаққа көшірілетінін айтты.
Алайда тұрғындарға бұл пәтерлердің жалға берілетіні ұнамады. Осы уақытқа дейін олардың өз үйі болса, енді пәтер жалдап тұруға мәжбүр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар