Көкшетауда әйел 60 жастағы қарт мүгедекті қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны пайда табу үшін 3-топтағы мүгедек ер адамды Өскемен қаласынан алдап әкелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
“Көкшетауда тұратын әйел 60 жастағы мүмкіндігі шектеулі адамды Өскеменнен алдап әкелген. Сөйтіп, 2021 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін күн сайын 8-9 сағат орталық базарға апарып, қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеген. Түскен ақшаның бәрін өзіне алып отырған”, — дейді Қанат Нұрмағамбетов.
Қазіргі кезде бұл оқиға Қылмыстық кодекстің "Пайда табу мақсатында адамды бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша (126-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) тексеріліп жатыр. Егер 28 жастағы әйелдің қылмысы дәлелденсе, ол 5-10 жылға сотталуы мүмкін.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"