Көкшетауда 34 жастағы жүкті әйелдің өлімі бойынша тергеу басталды
Көкшетауда 34 жастағы жүкті әйел ЖРВИ жұқтырып көз жұмды. Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлер ана мен баланы да құтқара алмады.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көз жұму себептерін арнайы комиссия анықтап жатқанын хабарлад.
Көкшетауда құқық қорғау органдары жүкті әйелдің перинаталдық орталығында қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Ана өлімі 23 желтоқсанда сағат 5:00-де тіркелді. Алдын ала диагнозы –ауыр дәрежелі ЖРВИ. Егжей-тегжейлі ақпарат қызметтік тергеу мен сот-медициналық сараптама нәтижелерінен кейін болады", – деп хабарлады ведомстводан.
Басылымның мәліметінше, әйел "Viamedis" ЖШС-де жүктілік бойынша есепте тұрған. 34 жастағы марқұмның артында екі баласы қалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі