Көкшетауда 14 жастағы оқушы қыз із-түссіз жоғалып кетті
Ақмолалық полицейлер жоғалып кеткен 14 жастағы жеткіншек қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 6 ақпан күні 39 жастағы әйел арызданып, оқушы қызының із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Сол күні кешкі алтыда үйінен шыққан қыз қайта оралмаған және байланысқа шықпаған.
Полиция қазір қаланың түкпір-түкпірін іздестіріп жатыр. Алайда, 14 жастағы жеткіншекті көрген-білгендер жоқ. Үйден шыққанда оның үстінде қызыл түсті куртка, қара-сұр түсті бас киім, көк түсті джинсы шалбар, қара түсті аяқ киім киген және қызыл жұлдызы бар рюкзак асынған.
Полицейлер фотосуреттегі қызды көрген-білгендер болса 8(7162) 29-93-72, 8-701-489-51-01, 8-775-192-10-50 байланыс номерлеріне хабарласуын сұрайды.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен