Көкшетауда 10 жасар бала сүндеттеген соң көз жұмды
Көкшетаудағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында сүндетке отырғызылған бала көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазинформға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay сайтынан
Солтүстік Қазақстан облысы Аққұдық аулында тұратын 10 жасар баланы 31 қаңтарда ауыр жағдайда жеткізілген. Екі күн бұрын дәл осы ауруханада оған анестезия арқылы сүндет жасалған.
"Баланың жағдайы ауыр болды, медициналық көмек толығымен көрсетілді. Ауыруыды басатын дәріден анафилактикалық шок болуы мүмкін. Реанимациялық шаралар қабылданғанымен, әсері болмады. 31 қаңтар 18:20-да бала көз жұмды", - деп мәлімдеді аурухана өкілдері.
Баланың өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған