Қоқыстың бәрі бір көлікке жиналса, оны түрлі контейнерге салудың қажеті қанша – Экология министрі жауап берді
Үкімет брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыстың бәрін бір көлік жинап әкететін болса, оны түрлі жәшікке салудың қажеті қанша деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Сіздің ойыңызға келісемін. Бүгінде қоқысты бөлек жинау туралы ойдың өзі жүзеге аспай қалды”, – дейді министр.
Оның сөзінше, қоқысты бөлек жинауға көп шығын кетеді.
“Себебі бір жәшіктің ішіндегіні жинап алып кетіп, сол жаққа апарып сұрыптаса бір ғана көлік қажет. Ал егер сол жерден бөліп әкету керек болса, көбірек техника қажет. Бұл бизнеске қаржылай салмақ салады. Біз оған болашақта келеміз. Қазір қоқысты бөлек жинайтын компанияларды қолдауға дайынбыз”, – деп атап өтті экология басшысы.
Бұған дейін Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарға Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты неге жалған ақпарат айтқанын түсіндіріп берді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"