"Көкірегін түсіру керек": Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин мен Қайрат Нұртасты салыстырды
Танымал әнші Ақбота Керімбекова қазақ эстрадасындағы жас әншілердің көкірек керетіндерін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшалардан алынды
Өнер иесі Adal Adam подкастында қонақ болды.
"Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзінше бір үні бар. Сый-құрмет жағына келсек, ол баланы қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұндай көзқараста жалғыз мен емес. Өзі де көрсе, түсінер. Бізде қазір жарқырап шықса, көкіректерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып, амандаспай кететін әншілеріміз бар. Оларды сыйламаймын. Нұрболатты сол қатарға қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. "Мына көкірегіңді түсірмесең, біздің жасымызға сен де келесің, артыңнан сенен мықтылар да шығады, адам қарапайым болуы керек" дедім. Басқа-басқа алдыңғы буын-бізге көрсетуі ұят қой”, – деді әнші.
Сондай-ақ, Қайрат Нұртасты да тілге тиек етіп, оның қарапайымдылығын айтып, мақтауын асырды.
“Қайрат – алтын адам. Қаншама гастролдік сапарда бірге болдық. Дуэт айттық. Көз алдымызда өсті. Өте қарапайым, біртоға азаматтың бірі. Өз басым қатты сыйлап, құрметтеймін. Адамшылықтан айныған емес. Кім не десе, о десін Қайрат керемет адам”, – деді өнер иесі.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова істі болған әріптестеріне қатысты пікір білдірген еді.