Қоғам белсендісі Макс Боқаев бостандыққа шықты
Бес жылға жуық абақтыда отырған жер мәселесін көтерген белсенді Макс Боқаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боқаев Атырау облысында орналасқан УГ-157/9 колониясынан босап шықты. Белсендіні оннан астам адам күтіп алды.
Айта кетейік, Макс Боқаев пен Талғат Аян 2016 жылы халық арасында жанжал туғызды, жалған ақпарат таратты және заңсыз митинг ұйымдастырды деп айыпталып бес жылға сотталған болатын. 2019жылдың 29 шілдесінде Талғат Аянның түрмеден шыққаны айтылған еді.
"Биыл жаңадан сайлау өткізу керек. Бұл сайлауды ұйымдастыруға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ат салыссын. Бізге жаңа Конституция, жаңа реформалар керек. Мұны халық талап етсін", - деді Боқаев.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды