"Қызуым көтеріліп, әлсіз сезіндім": Гүлназ Жоланова вакцина салдырды
Коронавирусқа қарсы екпе салдырғандардың қатарында енді Гүлназ Жоланова да бар. Актриса вакцинадан кейінгі жағдайы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.

"Қазақ еліне +1 чипированный қыз. Билл Гейтске не дейін?", – деп жазба қалдырды Гүлназ Instagram-дағы парақшасында.
Гүлназ вакцина салдырмас бұрын екіойлы болғанын айтады. Ұзақ ойланып, бір шешімге келген ол алғашқы күні әлсіздік сезгенін жасырмайды.
"Вакцина салдырамын деп шештім. Алғашқы күні қызуым көтеріліп, әлсіздік сезіндім. Жалпы жағдайым жақсы. Анам бүгін екіншісін алды.
Жақындарымның ауырып жатқанын жиі естіп жүрмін. Арасында өлім де бар. Сақ болыңыздар, ауырмаңыздар”, – деп тілек білдірді ол.

2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді