Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын өлтіргенін әпкесіне айтқан: Алматыда айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелге қатысты жаңа деректер белгілі болды

Алматы облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өзі айналмалы аттракционнан секіріп кеткен әйелге оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: коллаж Stan.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, әйел өз-өзіне қол жұмсамас бұрын әпкесіне баласын өлтіргені туралы айтқан.

“Қызы Даун синдромымен туған. Әйел ішкі күйзеліс пен үмітсіздік жағдайында осылай істеуге шешім қабылдады. Әйел әпкесіне келіп, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Әпкесі оны тыныштандыруға тырысқанымен, ол саябаққа кетіп қалған. Күйеуі IT маманы, қаржылық жағдайы жақсы болған. Психиатр есебінде тұрмаған. Оның жан дүниесінде баласының ауруына қатысты осындай дағдарыс болған шығар. Бәлкім, әйел баласын абайсызда өлтіріп алып, содан кейін өзін кінәлі санап, осындай қадамға барған шығар", – дейді Айгүл Есімбекова.


Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен шығып, билеген қыз құлап көз жұмды


Омбудсмен мұндай науқас баласы бар отбасыларға тек материалдық емес, психологиялық қолдау да ауадай қажет екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйелдің айналмалы дөңгелектен құлап көз жұмғаны туралы жазған едік. Кейінірек әйелдің айналмалы дөңгелектен өз еркімен секіріп кеткені және өзіне қол салмас бұрын қызын тұншықтырып өлтіргені анықталды.

Талқылау