"Қызым 32 жаста, күйеу балам 48-де, өзімнен 5 жас кіші”: Бақыт Шадаева қыздары туралы айтты
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шадаева қыздары туралы айтты. Үш рет тұрмыс құрған өнер иесі, екі қыз тәрбиелеп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші алғаш рет 21 жасында ана атандырған тұңғышы туралы айтты.
“Күйеу баламның анасы – татар. Әжесі де татар ұлтынан. Құдамыз Мәскеуде оқыған, білімді отбасының баласы болатын. Нұрлан күйеубаламмен қалай танысқанымды айтып берейін. 2014 жылы Астанаға жұмыс бабымен көштік. Қызым бір компанияға жұмысқа кірді. Күйеу баламыз сол жердің бастығы болды. Бір жылдан кейін Алматыға қайтатын болдық. Сол кезде артымыздан еріп келді. “Қызыма айтыпты, “саған сөз салайын деп жүрсем, қайда кетіп қалдың” деп. Бір күні қызым келіп тұр, ”Мама, мен тұрмысқа шығамын” деп. Содан келісімімді бердім”, – дейді әнші.
Өнер иесінің айтуынша қызы мен күйеу баласының жас айырмашылығы – 16 жас екен.
“Қызыма өзімен қатарлас біраз жігіт сөз салған. Бір жас үлкен жігіт болды. Өзіме қатты ұнады. Урсуладан бөлек маған да сыйлық әкелетін. Неше түрлі бетке жағатын бояу сыйлады. Бір күні қызымның бастығы келіп тұрғанда, ана жігітке ештеңе дей алмадым. Қызымның көңілі болмағасын мен де қинамадым. Күйеу балам бұрын үйленіп, ажырасқан. Қызым екеуінің арасы – 16 жас. Менен 5 жасқа ғана кіші. Бірінші некесінен бір қыз бар. Ол қызының денсаулығында кінәраты бар екен. Оны да жасырмай бізге айтты. Марқұм анасы өте жақсы болды. Екеуіміз өте жақсы араластық. 2017 жылы дүниеден озғасын бәрі өзгерді. Құдалар жақпен араласпай қалған күндер де болды. Күйеу балам қызметте, қыз-қырқынның ортасында жүргесін араларына үшінші адам түсіп жүрді. Ол кезде қызым аяғы ауыр болып, қатарынан екі бала туды. Содан бөлек тұруға шешім қабылдады. Бірақ балаларына өте жақсы әке”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, Бақыт Шадаева тұрмыста болған жылдарында күйеуінен соққы көргенін жазған болатынбыз.