Қызылордада үшем дүниеге келді
Байқоңыр қаласында тұратын 31 жастағы Әйгерім Әлімханова "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында Айлин, Анель, Адель есімді үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл – жас ананың алғашқы жүктілігі. Нәрестерлер 1180, 1200, 1400 грамм салмақпен дүниеге келді. Сол күні санитарлық авиация желісі арқылы облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Енді біршама уақыт орталық неонатологтарының ерекше күтімінде болады. Қазір анасы мен нәрестелердің денсаулық жағдайы жақсы", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
"Аңсаған сәби" арнаулы бағдарламасы аясында 2021 жылы облысқа 281 квота бөлініп, өткен жылдың қараша айына дейін толық игерілді. Сол жылы бағдарлама бойынша ЭКҰ арқылы 119 бала өмірге келді. Олардың арасында 3 отбасында егіз сәбилер жарық дүние есігін ашқан. Былтыр бағдарлама негізінде 277 квота бөлінген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"